www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
03.01.2018
Жаңа жылдарыңызбен, Шахтинск қаласының тұрғындары!

Біздің қаламыздың тұрғындары мен қала қонақтары көптен күткен және сиқырға толы мереке – Жаңа жылды атап өтті. Мереке күндері қалада мерекелік көңіл – күй сезілді және қала жаңа жылдық ғажайыптар әлеміне айналғандай болды, қала тұрғындары таң атқаннан от шашу атты, қала көшелеріне шықты, қаланың орталық алаңында мерекені тойлады және Жаңа жылды отбасымен қарсы алды.

30 желтоқсанда орталық алаңда дәстүрлі жәрмеңке өткізілді, жәрмеңкеден барлық ниет білдіргендер мерекелік дастарханға азық-түлік сатып алды. Сөрелерде ет, сүт, балық, шұжық өнімдері, жұмыртқа, бал, жас жеміс-жидектер мен өзге де тауарлар сатылды.

Ал жаңа жыл түнінде сағат 00.30-де орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтарын Аяз ата мен Ақша қар және осы жылдың нышаны – Ит Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Барлығы шаттанды, биледі, суретке түсті, бір-біріне бақыт, денсаулық, игілік тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.

Жаңа жылдың бірінші аптасында біздің аймағымыздың кішкентай тұрғындары үшін Мәдениет сарайында жергілікті әртістер мен Қарағанды қаласының академиялық музыкалық комедия театры әртістерінің қатысуымен жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылады.

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға игілік пен береке тілейміз. Биылғы жыл әр үйге, әр шаңыраққа ырыс пен береке әкелсін, шаңырақтарыңыз шаттыққа, қуанышқа толсын, барлықтарыңызға денсаулық, махаббат тілеймін!

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 72%, қысым 715, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары